Президент туризм мен спорт саласын дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы, әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ермек Маржықпаев бұқаралық спортты дамытып, әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру тетіктері жайлы сөз қозғады.