Ауылға баратын медицина мамандарының кемінде 3 жылдық тәжірибесі болуы міндетті. Сонымен бірге, оларға 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беріледі. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында осындай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңір тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен және азаматтық белсенділермен кездесулер өткізді. Бірқатар азаматтарды жеке қабылдады.