Жұмысшы құқығы, еңбек даулары. Туындаған түйткілдерді оңтайлы шешуде кәсіподақтың рөлі ерекше. Қостанайда Сенім одағының облыстық II есептік-сайлау конференциясы өтті. Жиын барысында өз ісін мінсіз атқарып жүрген қызметкерлерге арнайы төсбелгі мен сертификаттар табысталды.