Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға шетелден 1 миллионннан астам қандасымыз қоныс аударған. Қазір атамекеніне оралғандардың біразы Тобыл өңірін мекендеуде. Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Отандастар қоры» бірлестігінің мамандары өлкемізге қоныстанған қандастарымызбен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.