Президент кезекті жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды» деген еді. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Ауыл аманаты» бағдарламасынының рөлі зор екендігін де атап көрсеткен. Қостанай облысының шалғайындағы Қамысты ауданында осы бағдарлаа бойынша несие алып, кәсібін ашқандар аз емес.