Мемлекет басшысы жолдауында айтылған тапсырмалар Қостанай облысында шешімін табуда. Соның бірі – Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы. Енді елді-мекендерде стандарттарға сәйкес келетін жаңа заманауи медициналық пункттер салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлім етті.