«Қанатты ұрпақ». Осындай атаумен Қостанайда облыстық форум өтті. Ол «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының 5 жылдығына орайластырылды. Салтанатты іс-шараға ардагерлер мен әскери қызметкерлер қатысты. Ал, жас курсанттар көпшілік алдында Отан үшін аянбай қызмет етуге ант берді.