Қостанайда оқушылар сарайы ашылды. Балаларға арналған «I-Qostanai» смарт орталығы «Юбилейный» шағын ауданында орналасқан. Онда екі ауысымда 1300 бала тегін оқиды. Сабақтар орыс және қазақ тілінде өтеді. Жаңа орталықтың тынысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.