Азық-түлікті қолжетімді ету мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының шамадан тыс өсуін болдырмау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керек. Шикізаттық емес сектор инвесторлары үшін барлық қажетті басымдықтарды беріп, инвестицияларды қолдауға кешенді қарау керек. Бұл туралы қостанайлық тауар өндірушілермен кездескен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары айтты. Серік Жұманғарин бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.