Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика факультетінің қабырғасынан белгілі журналист, қоғам қайраткері Байтұрсын Ілияс атындағы дәрісхана ашылды. Салтанатты шараға оқу орнының басшылары, қаламгердің шәкірттері, үзеңгілес достары мен әріптестері қатысты. Оқу орнының үздік студентіне Байтұрсын Ілияс атындағы стипендия табысталды.