Астықты алқаптан астанаға тарту. Алдағы демалыс күндері елордада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Екі күн ішінде Тобыл өңірінің 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын бас шаһардың тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. Азық-түлік тиелген жүк көліктері бүгін таңғы сағат 7-де жолға шықты.