Қостанай облысы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ғарыштық бақылау көмегімен 6 қала мен 9 аудан қамтылды. Соңғы 5 жылда анықталған қалдықтардың 98 пайызы жойылған. Өңірде экологиялық акциялар да өткізілуде, нәтижесінде 1,5 мың тонна қоқыс жиналды.