Қостанайда «Мемлекеттік тілге 7 қадам» атты форум өтті. Жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар 7 ай бойы іріктеуден сүрінбей өткендер. Айта кетейік, аталмыш шара республика бойынша алғаш рет Тобыл - Торғай өңірінде ұйымдастырылып отыр.