Облыста медицина кадрлары жетіспеушілігі бойынша мәселе бұрынғыдай өзекті. Әсіресе, аудандарда. Соған орай жастарды осы салаға тарту үшін бірқатар жобалар қолға алынуда. Бұл ретте, мамандардың әлеуметтік мәселелері басты назарда болуы тиіс. Мемлекет басшысы осындай тапсырма берген болатын. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.