Қостанайдың шаруалары киіктің шектен тыс көбеюінен шығын шегіп отыр. Түз тағысы шабындық пен жайылымның шаңын шығарып, астық алқаптарын да отап кетеді. Қамысты ауданындағы белгілі диқан, Еңбек Ері – Борис Князев, «400 гектар егінде киіктер түгелдей қырқып тастады» дейді. Ал мың гектардан астам алқаптың шығымдылығын 50 пайызға дейін төмендеткен. Үркітіп қуғаннан нәтиже шамалы.