Елімізде күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстары басталды. Қарулы күштер қатарын биыл Қостанай облысынан бір мыңға жуық сарбаз толықтырады. Олардың алғашқы легін бүгін тобылдықтар салтанатты түрде шығарып салып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаратындарына сенім артты.