Қостанайдағы Маяковский көшесіндегі 101-ші үйдің жертөлесі суға толып, жылу жүйелері әбден тозған. Салдарынан, жылуға уақытында қосыла алмаймыз. Бұл, жылда қайталанады. Жертөледегі жағымсыз иіс пәтерімізді де жайлап алды. Тұрғындар редакциямызға осылай деп шағымданды. Ал, коммуналшылар болса, қажетті жұмыстар жүйелі жүргізілетінін айтады.