Жастардың өмірін жақсартатын негізгі әлеуметтік мәселенің бірі - баспанамен қамтылуы. Бұл жағдай Мемлекет басшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Осы ретте облыста «Қостанай жастары» жобасы қолға алынған болатын. Бағдарламаның іріктеу кезеңі аяқталды. Барлығы 952 өтініш түскен.