Қостанайда жыл басынан бері 56 адам қызылша жұқтырған. Жартысынан көбі кәмелет жасқа толмаған балалар. Көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда артып отыр. Одан қорғанудың ең тиімді әдісі - вакцина екенін айтады дәрігерлер. Қалалық әкімдікте өткен жиында эпидемиологиялық ахуал талқыланды.