Темірдей тәртіпті талап ететін әскер бозбаланы үлкен өмірге нық тәрбиелейді. Десек те бүгінгі қоғамда өз қалауымен әскерге сұранып барушылар қатары біршама сиреген. Осы ретте, Ұлттық ұлан қызметкерлері аудан, қалаларды аралап, жастарға рух беретін, патриот болуға шақыратын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.