Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты. Қостанайда «Еңбек жолы» аймақтық байқауы өтті. Түрлі салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, атаның жолы ұрпағына мұра болған әулеттерге құрмет көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды. 35 қатысушының ішінен 9 үміткер іріктеліп, республикалық кезеңге жолдама алды.