Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру - ел Президентінің Жолдауында жүктелген міндеттердің бірі. Осы ретте агенттік тарапынан тиісті бағдарламалар әзірленіп, салаға серпін берер жобалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі – жергілікті департамент бастамасымен іске асқан мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі.