Қостанай облысында 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Тағы 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстелде айтылды. Басқосуда Қостанай облысының осы бағыттағы бастамалары талқыланды.