Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы ауылдарға асфальт жол арман болып отыр. Өңірдегі 400 шақырымға жуық жолдың 90 шақырымына ғана тас төселген. Қалғаны биіктетіп үйілген борпылдақ топырақ. Күн бұзылса ми батпаққа айналады.  Былтыр Ахмет Байтұрсынұлы ауылына салына бастаған асфальт әрі қарай төселмейтін болды.