Қостанайдағы №29 жалпы білім беретін мектепке Әлихан Бөкейхан есімі берілді. Қуанышты хабарды мектеп ұжымы көптен күткендерін айтады. Өңірге танымал жазушылар мен облыстық білім бөлімінің мамандары, білім ошағының ұстаздары мен оқушылары қатысқан салтанатты шара ғылыми-практикалық конференцияға ұласты.