Қостанайда жол саласының еңбек сіңірген ардагері Болат Нақановқа мемориалды тақта орнатылды. Ол ұзақ жылдар Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бірінші басшысы қызметін атқарды. Өз ісіне адал болды, үлкен жауапкершілікпен қарады. Талай жоғары марапаттардың иегері. Жиналғандар осылай деп еске алысты.