Елордада «Үздік педагог - 2022» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Биылғы жылы бұл атаққа 64 ұстаз лайық деп танылған. Оларға қаржылай сыйлық табысталып, арнайы төсбелгімен марапатталды.Үздіктердің қатарында қостанайлық мұғалім  Наталья Станогина да бар.