Жаңа Жолдаудың елдің әлеуметтік әлеуетін арттырудан бөлек, рухани мазмұны да терең. Тарихи құжаттың жүйелі жүзеге асуына, қоғамдық ой-пікір қозғауда қала активі де белсенділік танытуда. Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық беру – біздің басты борышымыз дейді қала әкімі.

Жолдар салынбай, көңіл жайланбайды. Жиында жол жағдайы жарияланды. Оның қадірін қостанайлықтар жақсы біледі. Өйткені, ылғал түссе, табаныңа желімдей жабысқан жолмен жүру мұңға айналады. Қаланың жол құрылысына қыруар қаражат бөлінген. Қаржы бөлінгенмен, жол дегеніміз бірден салына қоймайды, - дейді құрылыс мамандары.

Болашағынан зор үміт күттіретін «жастар жылы» кейінгі толқынға үлкен жауапкершілік жүктейді.  Жастардың барлық санатын қолдап отырған елбасына алғысымыз шексіз дейді қалалық жастар маслихатының депутаты.

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, бұл бүкіл саланы қамтитын бүтін жүйе ғана емес, жалпы, Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделін қалыптасырудағы сенімді көпір болатындығы туралы жиынға қатысушылардың ойы бір жерден шықты. «Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қостанайлықтар бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін», -деді жиынды қорытындылғаншаһар басшысы.

Гүлжан Жеңіс