Қолына қыран құс алып, ит ертіп, атқа мінген ер жігіт – Орталық Азия нышандарының бірі. Жергілікті көшпенділердің жылқыны ертеде қолға үйреткені тарихи деректермен дәлелденген. Қазақ – «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп өскен ел. Қазанат мәдениет пен өнерінің ажырамас тұтас бір бөлігіне айналып кеткен.

Атқа міну мәдениетін игерген соң, ат үстіндегі өркениет те дами бастады, біртіндеп. Мәселен, қазіргі киім үлгілері де дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті жауынгерлердің ықшам киім үлгісінің пайда болуына септесті. Осылайша, кәдімгі, бүгінгі  сіз бен біз киіп жүрген шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.  

Жылқы терапиясының пайдасы медицинада да бар. Ежелгі дәуірлерден-ақ Қамбар ата төлінің қасиеті мен киесін иісі қазақ білген. Соңдықтан да жылқыны қазақтың жаны, сұлулық пен тектіліктің символы ретінде көреміз. Хош, әлемдік медицинада ипотерапияның алғашқы тұжырымдамасы Гиппократтың да еңбектерінде кездеседі.

Қазақтың ас пен той, мерекесінің де жылқы. Бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу – ұлы дала ұландарының сүйікті ойыны. Жүйрік атты мінген тақтан артық көрген халқымыз, ат спортын заманға сай дамытып келеді. Жылқының жалында жетілген жұртымыз аттан түспесін деп тілейік.