Жастар мен балалардың техникалық шығармашылығына арналған сайысқа үстіміздегі жылы мектептер де қатысып отыр. Облысымызда техникалық шығармашылықпен айналысатын талапты жастарымыз көп-ақ. Олардың осындай шығармашылықпен айналысуы болашақ мамандықтарын таңдап алуына да жол ашуы әбден мүмкін.Ең басты мақсатымыз — жастарымыздың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, олардың конструкторлық, өнертапқыштық машықтарын қалыптастыру, — дейді робототехника үйірмесінің жетекшілері.
Оқушылар Lego құрастырмалы бөлшектерінен компьютерлік бағдарлама арқылы өздігінен жүретін роботты көліктер, арнайы ұяшыққа сәйкес түстерді анықтап салатын жылжымалы техникаларды және түрлі кедергілер кездессе де өз бағытынан таймайтын танкілерді сынаудан жарысып жатыр. 11 орта мектеп оқушысы Санжар былтырғы жылы аталмыш үйірменің шәкірті атанған. Бүгінде өз қолымен жасаған жұмысын ұсынып, сайысқа түсіп отыр.
Елімізде білім беру сапасы жылма жыл артып келе жатқаны жатқаны мәлім. Бұл ретте, жаңа инновациялық жобалар жас болашақ мамандарды дайындауға арналған. Мектеп қабырғасынан-ақ робот-техника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйреніп, өздерінің инженерлік ойлау жүйесін қалыптастырған оқушылар болашақта отандық ғылымды дамытуға да айрықша үлес қоса алады.
Әйгерім Шаяхметова