Коммуналдық мәселелер, параспорт инфрақұрылымын дамыту. Бұл мәселелер Құмар Ақсақаловтың тұрғындарды қабылдауындағы негізгі тақырыптар болды. Өтініш білдіргендерді мұқият тыңдаған аймақ басшысы жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, шешімін тапқан түйткілдер жайлы ақпарат беру қажет екенін атап өтті.