Қостанайда балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтауға арналған халықаралық конференция өтті. Ауқымды жиынға еліміз бен шетелден келген психологтар мен педагогтар жиналды. Мамандар өзара тәжірибе алмасып, заманауи әдіс-тәсілдерді талқылады. Әрі суицид пен буллингтің алдын алу жолдарын қарастырды.