Қарабалық ауданында 600 бас ірі қараға шақталған сүт-тауарлы ферма ашылды. Заманауи үлгіде салынған нысанға 3 млрд-қа жуық инвестиция құйылған. Алдағы уақытта 30-дан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Кәсіпорынның ашылуына облыс әкімі қатысып, сүт-тауарлы ферманың жұмысымен танысты. Бұдан бөлек Қарабалық ауданындағы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.