Тарихтың талай бұралаң жолынан өткен халқымыз үшін бірлік – ұлы құндылық! Әртүрлі этнос ұрпағы осы ұлы дала төсінде бір атаның баласындай тіршілік етіп келеді. Олар ортақ Отанды сүйеді, бір ту астында бір мүдде, бір арман жолында бірігеді. Әр тіл мен дін, әр дәстүр мен мәдениет — басты байлығымыз.  Ал осы байлықты бір шаңырақ астында сақтау – даналық пен төзімнің жемісі. Облыс орталығында өткен думанды іс-шараның мән-мағынасы осыған саяды.