«Бимен келген көктем». Дәл осындай атаумен «Қостанайские зори» ансамблі кезекті рет есеп беру кешін өткізді. 1971 жылы құрылған ансамбль биыл 54 жылдық белесін еңсеріп отыр. Осы уақыт ішінде талай сахнаны дүр сілкіндірген ұжым бұл жолы да өз деңгейін дәлелдеді.