Қазақстанның құрметті журналисі, «Халық алғысы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері Серік Шайманның «Торғай толғауы» атты жаңа жинағы оқырманға жол тартты. Бұл – қаламгер туындыларының төртінші топтамасы. Қырыққа жуық әңгіменің, повесьтер мен талай очерктер авторының шығармашылығы– тұтас бір дәуірдің шежіресі. Баспасөз бен тележурналистиканы қатар алып жүрген қалам иесінің әрбір еңбегі – сырға толы әлем.