Биыл елімізде Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Соның аясында Қостанайда WorldSkills аймақтық чемпионаты өтті. Бұл - түрлі мамандық иелері арасында өтетін ауқымды дода. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 400-ден астам жас маман өз ісінің үздігі атануға таласты. Дәнекерлеушілер, электрик, құрылысшылар мен механиктер кәсіби шеберліктерін паш етті.