«Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл Қазақстан Республикасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіптік білім беру мен техникалық кадрларды дамытуға бағытталған арнайы жыл болып жарияланған еді. Бұл игі бастама - елімізде еңбек адамының қоғамдағы маңызын айқындау, жастарды ынталандыру және экономиканың нақты секторын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба. Тілші репортажының кезекті кейіпкері Александр Кушков - еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, нағыз өз ісінің маманы.