2025 жылы елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл — еліміздің аграрлық секторының қазіргі жай-күйі мен ресурстары туралы маңызды әрі нақты мәліметтерді жинауға бағытталған ауқымды шара. Санақ деректері мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сондықтан бұл тек статистикалық шара ғана емес, ел болашағына әсер ететін маңызды науқан.