Балаларды қорғау күніне арналған онкүндік аясында ерекше форматтағы «Кибер Тұмар» шарасы өтті. Тақырыбы - технология мен цифрлық даму. Қостанай Hub-қа келген оқушылар инновациялық экожүйемен танысып, ІТ әлемінің ішкі жұмысын көруге мүмкіндік алды. Танымдық квиз, виртуалды шындық көзілдіріктері, PlayStation турнирі - бәрі балалардың қызығушылығын туғызды.