Тобыл-Торғай өңірінің өзен-көлдерінде балықтың алуан түрі бар. Алайда, бекіре тұқымдас желбезектілер - теріскей аймақ үшін таңсық. Облыста бекіре өсіру беймәлім бағыт болғанмен, бабын таба білгендер де бар. Мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалана отырып, жергілікті серіктестік бағалы балық түрін көбейтетін бірегей жобаны жүзеге асырып келеді. Бүгінде ферманың қуаттылығы 25 тонна шамасында. Келешекте кеңейтілуі көзделген.