Биыл 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі өтіп жатыр. Осыған байланысты Қостанайда бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді. Сол сияқты, жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен озат оқушылар марапатталды.