Шығармашылық ізденіс пен тың идеялар. «Айқостанай» смарт орталығында оқу жылы қорытындыланды. Бұл жолы өз жобаларын көркемдік-эстетикалық бағытта жұмыс істейтін үйірмелер таныстырды. Іс-шарада жас суретшілер мен саз өнерін меңгерген жасөспірімдердің жыл бойы атқарған еңбегі бағаланып, дарынды оқушылар марапатталды.