Аймақ әкімінің төрағалығымен облыстық ҚХА-ның XXXIII сессиясы өтті. Бұл

басқосу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған ҚХА-ның XXXIV сессиясын талқылау шеңберінде ұйымдастырылды және қоғамдық институттың 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге негізделді. Жиында бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері де қамтылды.

Сондай-ақ бірқатар азаматтарға мерейтойлық медальдар салтанатты түрде табысталды.