Облыста бұқаралық спортты дамытумен қатар, жастардың спорттық шеберлігін шыңдай түсу мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аймақ әкімдігі тарапынан спорт және дене шынықтыру саласына үнемі қолдау көрсетілуде. Оның нәтижесі - республикалық және халықаралық жарыстарда жасындай жарқырап жүрген жерлестеріміздің жеңісі. Дүбірлі додаларда өнер көрсетуге жолдама беретін турнирлердің бірі Жітіқарада өтті.