Қостанай қаласында тырысқақ індетіне қарсы оқу-жаттығу өтті. Оған облыстағы барлық құзырлы органдардың мамандары қатысты. Басты мақсат, аса қауіпті инфекция тіркеле қалса, жауапты ұйымдардың бірлесе жедел әрекет етуін қамтамасыз ету. Санитарлық эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және үйлестіру.