Облыста балаларды қорғау күніне арналған онкүндік басталды. 1-ші маусымға дейін білім беру ұйымдары мен мәдениет ошақтарында мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралар легі ұйымдастырылады. Бұл бастама жасөспірім құқығын қорғап, қоғамның назарын өзекті мәселелерге аударуға бағытталған. Онкүндік аясындағы алғашқы іс-шара Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті.