1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай облысының Полиция департаменті балалар үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Мектеп оқушылары тәртіп сақшыларының жұмысымен танысып, арнайы техникаларды тамашалады, қару-жарақты қолдарымен ұстап көрді. Жедел басқару орталығында болып, кинологтардың көрсетіліміне қызығушылық танытты.