Еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау сыңғырлап, бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Оның аясында Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы «Әуежай» шағын ауданындағы «Жайлы мектепке» барып, оқушыларды оқу жылын аяқтауымен құттықтады. Биылғы оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болды. Өрендеріміз білім додаларында топ жарды. Мұның барлығы - саладағы реформалардың нәтижесі, деді Сайлаубек Есжанов. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқушыларға кәсіби бағыт беретін «Мансап компасы» атты арнайы цифрлық платформа әзірленіп жатыр. Бұл, «Жайлы мектептердің» ең басты ерекшеліктері болмақ.