Қостанайдағы мектептердің бірінде 50 жылға жуық уақыт бойы «Петрушка» атты үлгілі балалар театры жұмыс істеп келеді. Актерлері – 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар. Олардың қойылымдары көрерменнің ықыласына ие болып үлгерген. Ал түлектері бүгінде әлемдік сахналарды бағындыруда.